Өзіңе сен! #2 Болашақ Мен немесе мақсат қою маңызы

Опубликовано: 05.01.2019

Маған дейінде, бүкіл кітаптарда, фильмдерде цитата болып келістірілетін Алиса в стране чудестегі , Мысықпен Алиса диалогын келтірейін.

Алиса мысықтан сұрайды, мен солға бұрылайын ба, әлде оңға бұрылайын ба?

Мысық:

- Ал саған қайда бару керек?

- Маған бәрібір

- Онда қайда бұрылсаң да бәрібір. - дейді мысық.

Кішкентай үзінді болса да, қандай мағына жатыр. Келесі қадамдарымыз қандай болу керек екенін білу үшін, біз қайда бара жатырмыз? Сіздер білесіздер ма? Өздеріңізді 1,2,5,10 жылдан кейін қандай қаліпте болғыларыңыз келеді. Ойларыңызда қалайтын образ бар ма? Арықтағыңыз келсе, қаншаға? Сіздің идеал салмағыңыз қанша, болашақта қандай болғаныңызды қалайсыз? Елестетесіз?

Тағы бір мысал келтірейін.

Сіздің қолыңызда 5000 элементтен тұратын пазл бар делік. Бірақ қораптың сыртында соңында қандай сурет шығатыны көрсетілмеген. Сізде 5000 пазл ғана бар болды. Сонда суретке ең болмағанда бір рет қана көз жүгіртсек, пазл жинау бізге оңайға түсуші ма еді? Әрине, ИА.

Сол секілді сіз қайда баратыныңызды білмесеңіз, қандай қадамдар, әрекеттер жасауды да білмейтін боламыз. Сондықтан мақсаттың болуы маңызды. Бірақ мақсатты дұрыс қоюды да білу керек.

Алдымен мақсат қояр алдында, мен кем дегенде 1 сағат өзіме бөліп, өткен шағыма бір көз шалып шығамын, қабылеттерімді зерттеймін. Соған байланысты мен мақсаттар қоямын. Мақсат қойғанда ертегі іспеттес, ғажайып заттар жазбау керек. 5-10 жылдан жинаған артық салмақты, 3 күнде 10 кг арықтау деген ол мүмкін емес зат, мүмкін болса да, ол Организмге үлкен стресс. Немесе мысалы мен спорттан түк хабарым жоқ, өмір бойы спортпен айналыспаған, жылдың аяғында олимпиададан алтын алу, олда мүмкін емес. Бірақ жаңа бағытты үйренуге мақсат қоймау деген сөз емес. Менің жоспарымның ішінде спортпен айналысу бар, олимпиададан медаль алмасам ба, күнделікті жүгіруге, салауатты өмір салтын сақтауға дағдыланғым келеді.

Кейін мақсаттарды дәптерге жазып қойғанда маңызды, бір ойлап, сол жерде тоқталып қалмай, ойларыңыз қағаз жүзінде қалу керек.

Мен әр жыл басында, кәдімгі оқушыларға арналған 48 беттік қалың дәптер бастаймын. Бірінші бетіне 1 жылға мақсат, кейін әр айға, әр күнге жоспарларымды, мақсатқа жету барысындағы әрекеттерімді жазамын. Көп жағдайда осы уақытта дейін көптеген мақсаттарымның орындалмағаны мақсаттарымның қатты ауқымды, және көп болғанында. Осы жерде Арман мен мақсаттың айырмашылығы болады. Арман шексіз қиялдай беруге болады. Мақсат қолжетімді, нақты, шын өмірге максималды жақын болғаны дұрыс.

Мақсаттарды анықтап алған соң, Мақсатқа жету барысындағы әрекеттерді жазуға болады. Ол туралы келесі постта жазатын боламын.

rss