Жаңалықтар

Опубликовано: 06.01.2019

14-08-2009

Neotech KZ компаниясының сайты «Award.kz-2009 Ұлттық Интернет-сыйлығы» байқауына қатысып жатыр. Егер Сіз де біздің жобамыз жеңіске тұрарлық болады деп есептесеңіз, Сыйлық порталында сайтымыз үшін дауыс беріп, жеңімпаз болуымызға көмек беруге жақсы бір мүмкіндігіңіз бар.

24-06-2009

Neotech kZ компаниясы Берлин қаласында 8-10 маусым аралығында өткен аудармашылық жөніндегі ең ірі халықаралық кәсіптік конференциялардың бірі Localization World-2009 конференциясына қатысты.

23-06-2009

Neotech KZ компаниясының сайтында компаниядағы ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігінің бірі ezTrack модулі жұмыс жасай бастады. Біздің тапсырыс берушілеріміз жұмыс жобалары жөніндегі ұйымдық мәселелерді шешуге еңбек және уақыт шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа ыңғайлы бір құралға ие болды десек болады. Компанияның менеджерлері көмегімен тіркеудің жеңілдетілген процедурасынан өтіп ezTrack модулін қазір және мұнда пайдалануды бастауға болады.

10-06-2009

28-30-шы мамырда Neotech компаниясы Каспий аймағындағы негізгі салалық шаралардың бірі Oil&Gas Kazakhstan 2009 көрмесіне қатысты.

03-03-2009

26 ақпанда Neotech компаниясында енгізілген сапаны басқару жүйесінің ISO 9001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін жыл сайынғы растау жөніндегі байқаушы аудиті аяқталды. Негізгі бөлімдердің іс-әрекеттерін тексерудің нәтижелері бойынша «TÜV Thüringen» сертификациялайтын органның ресми өкілі компанияға осы шараның жаратымды нәтижелері туралы хабарлады.

01-02-2009

«SuperJob» порталының зерттеуінің нәтижелері бойынша Neotech техникалық құжаттама бюросы «Тартымды жұмыс беруші» деп танылды. Соған байланысты компанияға тиісті куәлік пен айырма белгісі берілді.

01-11-2008

Бүгін Неотэк компаниясының мұнай-газ саласындағы тобының мейрамы: көп айдағы үлкен бір техникалық құжаттама пакетін аудару жобасы орындалды! Жоба менеджері Ольга Макарова компанияның қызметкерлері үшін салмағы бес кіле тортқа тапсырыс етіп осы жетістікті мерекелеуіміз керек деп шешті. Тәттіліктің әр килесіне аударылған және уақытында тапсырылған күрделі мәтіннің 10 000 беті сәйкес келеді!

28-10-2008

Бұдан бір жыл бұрын Неотэк компаниясы Владимир Бакановтың көркем аударма мектебімен ынтымақтаса бастады. Сол уақыт ішінде біз Ломоносов атындағы ММУ-індегі Жоғары аударма мектебінің студенттері үшін көркем аударма жөніндегі дәрістер және арнайы жарыс өткіздік.

01-10-2008

Неотэк компаниясы Алматы қаласында 7-10 қазан аралығында өткен посткеңестік кеңістігіндегі мұнайшылардың ең ірі форумы, Казақстанның KIOGE-2008 көрмесіне бесінші рет қатысты.

16-09-2008

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Неотэк компаниясының Мәскеу офисі аудармашыларды Translation Memory жүйесінде жұмыс істеуге оқыту жөніндегі бағдарламаның басталуын жариялады. Бұл шешім жұмыстардың көлемі және Translation Memory жүйелерін пайдалану міндетті шарты бар жобалардың көбейіп келе жатқандығына байланысты қабылданды.

<< < 3 4 5 6 7 > >>

rss